«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өзекті мәселелер талқыланды

0 228

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен кездесіп, қала экологиясының өзекті мәселелерін талқылады.

Күн тәртібінде негізінен қалдықтарды басқару жүйе­сін жаңғырту, Астана экологиясының өзекті мәселесі, жылу энергетикасы жүйе­сін дамыту үшін қосымша қаржыландыру мәселесін қарастыру тақырыптары сөз болды.
Кездесу барысында Астана қаласының әкімдігі «2018-2020 жылдарға арналған Астана қаласының қоршаған ортаны жақсарту бойынша кешенді жоспарын» және «2030 жылға дейінгі Астананың төмен көміртекті дамуының стратегиясын» әзірлеу барысында жүргізілетін жұмыс туралы мәлімдеді.
Бұған қоса, қатты тұрмыс­тық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша қанатқақты жобаны жүзеге асыруды ең бірінші қаралатын іс-шаралар қатарына енгізді. Әкімдік ҚР Энергетика министрлігіне экология заңын да күшейту туралы ұсынысын дайындап жатыр. Сондай-ақ, қоқысты қайта өңдеу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселесі қарастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды