Өзекті мәселелер өрбіді

0 136

Әдiлет министрi Берiк Имашевтың төрағалығымен сот актiлерiн орындау комитетi және нотариалдық сала қыз-метiнiң өзектi мәселелерi талқыланған алқа мәжiлiсi өттi.
Мәжiлiс барысында бүгiнгi таңдағы сот актiлерiн орындау саласындағы қалып¬тасқан тәжiрибе министр тара¬пынан қа¬таң сынға алынды. Атқару құжатта¬ры¬ның, жеке негiздер бойынша республи¬калық меншiкке келiп түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану бойынша жұмыстардың уақытылы орындалмауы бойынша ау¬мақтық Департамент басшыларына бүкiл министрлiктiң жұмысына керi әсерiн тигiзiп отырған барлық мәселелердi те¬зiрек шешу туралы тапсырма берiлдi.
Сот актiлерiн орындау қызметiн жетiл¬дiру бойынша жаңаша қарауды әзiрлеу үшiн Сот актiлерiн орындау комитетiнiң жаңа төрағасы болып Ж. Ешмағамбетов тағайындалды.
Алқа мәжiлiсiнде екiншi қаралған мәселе нотариалдық қызмет туралы бол¬ды. Бұл мәселе бейнеконференция бойынша онлайн режимде аумақтық әдiлет департаменттерi және аймақтық нотариалдық палата басшыларының қатысуымен өттi.
Министр Б.Имашев нотариустар қыз¬метiне байланысты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету сапасын көтеруде жедел шешiмдi талап ететiн нақты талаптар қой¬ды. Аталған ортадағы бәсекелестiк ма¬ңызын кетiретiн жалған тосқауылдарды сақтау нотариат институтын тағайындауға қайшы келгендiгi бәрiне айқын болды. Нотариалдық қызметтерiн квоталан¬ды-руды жоюдың мақсаты – кез-келген шек¬теу қоятын немесе тыйым салатын меха¬низмдер болған кезде сыбайлас жем¬қор¬лық жағдайынан құтылу болып табылады. Күткендегiдей, нотариалдық қызметпен айналысуға бастама көбейдi: екi ай iшiнде ғана осы қызметпен айналысуға үмiткер¬лер саны 400-ге жеттi.
Алайда, нотариалдық құрылым саны¬ның күрт артуы жағдайында нотариалдық қызметтiң аумақтық параметрлерi кеңей¬тiлмедi. Мысалы үшiн, екi ай iшiнде, яғни ағымдағы жылдың ақпан және наурыз ай¬ларында Астана қаласында нотариалдық пала¬та мүшелiгiне 74 нотариус қабыл-данды. Олардың барлығы бұрынғылар сияқты қаланың сол жағалауы мен оң жағалауының орталық жерлерiне орна¬ласты. Сонымен бiрге, қаланың шет ай¬мақтары нотариалдық қызметтен тағы да шет қалды. Бұндай әркелкi бөлiнiске қала¬лық нотариалдық палата жалпы жиналыс жасап, нәтижесiнде нотариустар орналасу арақашықтығын 500 метр деп белгiледi.
Жаңа жағдайдағы нотариалдық жүйе¬нiң қызмет етуi тәжiрибе барысында Рес¬публикалық нотариалдық палатамен бiр¬лесiп шешiлетiн басқа да сұрақтар туын¬дауда. Екi күндiк алқа мәжiлiсi қоры¬тын¬дысы бойынша министр бiрқатар тапсыр¬малар бердi. Сот актiлерiн орындау коми¬тетi және нотариалдық қызмет жүйесiн¬дегi барлық кемшiлiктердi жою бойынша iс-шаралар жоспарын жасауды тапсырды.
Бүгiнгi күнде Астана қаласының Әдiлет департаментi жоғарыда аталған министр¬лiк алқасында анықталған кемшiлiктердi жою жұмысын бастады.
Қаланың жеке нотариустары БНАЖ қыз¬метiне қосылған және жүйелi түрде жұмыс iстейдi. Әдiлет министрлiгiмен БНАЖ бағдарламасында жүргiзiлiп жат¬қан жанартпа жұмыстары нотариустарға жол полициясымен берiлетiн, тыйым салу¬дың жоқтығы туралы, мүлiк ауырт¬палығы туралы, көлiк құралын ұрлап айдап кету туралы ақпараттық анықтамаларды және АХАЖ органдары беретiн аза¬маттық-құқықтық қатынастарды тiркеу ке-зiндегi акт жазбалары туралы мәлiмет¬тердi уақытылы алуды қамтамасыз етедi.
Сонымен қатар, Астана қаласының Әдiлет органдарының бастауымен және қалалық Нотариалдық палатаның қол¬дауымен нотариустарға Нотариалдық палатаның мүшелiкке кiру жарнасы алынып тасталынды, бұрын кiру жарнасы – 900000 теңгенi құраған. Оған қоса Әдi¬лет органдарының және нотариус¬тардың қоғамдық одағының бiрлесуiмен тағылымдамадан өту төлемақысы – 500 АЕК-ден 180АЕК-ке дейiн қысқартылды.

Зура Жақиянова,
Астана қаласы Әдiлет департаментiнiң баспасөз қызметi

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =