Өзекті әңгіме өрбітті

0 113

Астана қаласы Әділет департаменті жанындағы заң қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қатысуымен Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. 

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы белгіленген жиырма тапсырманың маңыздылығына тоқталған департамент бастығы Қанат Мусин үйлестіру кеңесінің жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, Елбасының бағдарламалық мақаласы – «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының жалғасы. Олардың орындалуы мемлекет пен жалпы азаматтардың өмір сүруі деңгейін арттыруға бағытталған.

Мәжіліс барысында денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау саласы бойынша туындаған мәселелер кеңінен талқыланды.

Денсаулық сақтау және білім саласын реттейтін заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстарымен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бастығы А.Дәулетбаев және Астана қаласы бойынша Білім басқармасының Кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Г.Молдағалиева сөз сөйледі. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары О.Омар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті. Оның айтуынша, 2011-2012 жылдары кәсіби оқуды 2184 азамат бітірген. Оның ішінде 1217 азамат жұмысқа алынған. Алдағы уақытта бағдарламаға қатысушы 545 адамды жұмысқа орналастыру қажет.

Жиында Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы К.Медетбеков еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау үшін әрдайым тексерістер жүргізілетіндігін жеткізді. Биылғы жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйымдар мен кәсіпорындарда 788 тексеріс өткізген. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін 797 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жиын соңында құқықтық на- сихат жұмысын жандандыру мақсатында және өзекті мәселелерді шешу үшін ұсыныстар енгізу жөнінде хаттамалық шешім қабылданды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 6 =