Өзбек тілі мерекесі

0 25

Нұр-Сұлтан қаласының «Достық» үйінде бауырлас өзбек халқының ана тілі күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикром Ниязходжаев, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді, ҚХА Төрағасының орынбасары, Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов және өзге де қоғамдық ұйымдар өкілдері мен лингвист-ғалымдар қатысты.
«Тіл жоқ жерде мемлекет жоқ. Мемлекет жоқ жерде ұлт жоқ. Сондықтан барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтап, қуаныштарыңызды бөлісемін. Қала әкімі Алтай Көлгінов сіздерге үлкен сәлемі мен ыстық ықыласын жолдады. Әлемнің қаншама мемлекетінде болсақ та, алдымыздан ең бірінші кездесетіні – өзбек бауырларымыздың асханасы. Өзбек халқы десе, есімізге мызғымас достығымыз түседі. Өзбек тілінің бүгінгі айтулы мерекесі құтты болсын, елордамыздағы этно-мәдени бірлестіктің жұмыстарына береке тілеймін» деді Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.
ҚХА Төрағасының орынбасары, Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов дөңгелек үстелдің аясында талқыланған мәселелер болашақта өз нәтижесін беретінін жеткізді. «Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңіс­теріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түбі бір түркі елдері бір шаңырақтың астында айрандай ұйып отырмыз. Осындай бейбіт аспанымызда әрқашан бүгінгідей мереке күндері тойлана берсін. Елордамызда 23 этномәдени бірлестік бар. Солардың ішіндегі саны жағынан көбі де – өзбек халқының бірлестігі. Яғни, өзбек тіліне деген құрмет екі елдің мызғымас достығының кепілі бола бермек» деді Шерзод Пулатов.

Көктем ҚАРҚЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =