ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЫҒАЯДЫ

0 119

ERA_2054

Астана әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындау және оны өткізу жөнінде өзара ынтымақтасу туралы келісімге қол қойды.

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бас­қарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесу барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйым­дас­тырып, өткізуге қатысты өзара әре­кеттестік мәселелерін талқылады.

Әділбек Рыскелдіұлы Елбасы тап­сырған міндеттерді орындауда тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігін айта келіп: «Біздің әрекеттеріміз инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, қысқаша айтқанда, көрме қалашығына қатысты барлық мәсе­лелер бойынша үндесіп жұмыс істеуге бағытталуы керек» деді.

Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша көрме кешендері құры­лысы, көліктік-инженерлік инфрақұ­рылымдар, қалалық қоғамдық көлік жүйесін және туризмді дамытудың нақты жолдары көрсетілген Жол картасы қабылданды.

Сонымен қатар, құжатта көрме қонақтарының қауіпсіздігі мен оларға жайлы жағдай қалып­тас­тыруға бағытталған шаралар ке­шені де көрініс тауып, «ЭКСПО-2017» атауының да бренд ре­тінде танымалдылығын арттыру мен еріктілер қызметін ұйым­дастыру мәселесі бойынша атқа­рылуы тиіс жұмыстар ауқымы да қарастырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =