ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

0 129

55 банер_eng

Емханаға тіркелу туралы ақпаратты Астана қаласының «электрондық әкімдігінің» service.astana.kz порталынан алуға болады.

Емханаға тіркелу, оның мекенжайы, учаскенің нөмірі және де учаскелік дәрігер туралы мәліметтерді service.astana.kz порталынан білуге болады. Аты-жөнін және туған күнін немесе ЖСН көрсетсе жеткілікті.

Ақпараттағы сәйкессіздікті немесе жоқтығын анықтаған жағдайда Астана тұрғыны «электрондық үкімет» egov.kz порталында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелуге электрондық өтінімді бере алады, не болмаса тұрғы­лық­ты жері бойынша емханаға баруға болады.
Қосымша кеңес алу үшін Астана қаласының байланыс орталығына +7(7172) 55-66-55 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 18 =