«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Өз» депозитіңді қалай таңдауға болады?

0 309

Қазіргі уақытта Қазақстанның әр тұрғыны ақ­шаны шұлыққа немесе төсек астына тық­пай, банкте сақтаған тиімдірек болатынын тү­­сінеді. Банкті және банк өнімін дұрыс таңдай алсаңыз, сіздің ақшаңыз сақталып, одан әрі  көбейеді. Бірақ, сол «дұрыс» таңдауды қалай  жасауға болады? Ұтылып қалмаудың қандай жолдары бар? Осы және басқа да мәселелерді Хоум Кредит Банкінің депозиттерін үлгі ретінде алып қарастырайық.

Бәрі де мақсатқа байланысты

Сізге депозит не үшін керек? Мысалы, үйлену тойына жинау үшін бе? Жинаған ақшаңызды сақтап қою үшін бе? Мүмкін сіз сақтық қорын құрғыңыз келетін шығар.

Банк салымының шарттары, яғни, сіз таңдаған депозиттің түрі, нақты осы сұрақтарға берген жауаптарыңызға байланысты болады. Депозитті үлкен пайызбен ашуға да болады, бірақ оны дереу жабу керек болса, табыс, сіз күткендей емес, одан анағұрлым төмен болуы мүмкін. Сондықтан егер сіз өзіңіздің жиып-терген ақшаңызды көптеген салымшылар сияқты жинап, одан әрі көбейткіңіз келсе, пайыздық мөлшерлемеге, капиталдандырудың бар болуына, ұзарту мен ішінара алу мүмкіндігіне зейін салып, мұқият зерттеп шығыңыз.

Маңызды параметрлер

Депозиттің табыстылығы міндетті түрде инфляцияны жабатындай үлкен емес. Әдетте, бұл пайыздық мөлшерлеменің көлеміне байланысты болады, ол әр банкте өзгешеленіп тұрады. Мысалы, Хоум Кредит Банкі пайыздық мөлшерлемесі бәсекеге қабілетті болатын депозитті құрды – 9,4%, ол салған ақшаңыз төмен болса да, қомақты, тұрақты пайыздарды алуға мүмкіндік береді. Бұған қоса банк өз клиенттеріне ақшаңызды одан әрі икемді қылатын ай сайынғы капиталдандыруды ұсынады.

Пайыздарды капиталдандыру

Депозит бойынша пайыздарды көбейткіңіз келсе, ай сайын капиталандырылатын салымдарды таңдаңыз – ол пайыздарды салым сомасына жалғастыру деген, «күрделі» пайыз деп те аталады. Бұл депозитте кірісті есептеу жентек қардың жиналуына ұқсайды: алғашқы жарнаға үстеме ретінде пайыздар өседі, ал келесі айда жалпы сомаға қайтадан пайыздар есептелінеді, осылай салым сомасының аяғына дейін болады.

Күрделі пайызды ай сайын алып отырып, өзіңіз қалағандай қолдануыңызға болады – бұл шәкіртақыға, зейнетақыға немесе еңбекақыға үстеме болуы мүмкін.

Салу немесе алу керек пе?

Жүйелі түрде толықтырып отыру – өткізуге болмайтын міндетті опция. Өйткені, сіз ақшаны жай ғана сақтап қоймай, оны жинағыңыз келеді ғой? Бұған қоса бұл сізді тәртіпке үйретеді.

Ішінара алу мүмкіндігі де өте маңызды болады, өйткені, өмірде әртүрлі жағдайлар болады: еңбекақыны, зейнетақыны, шәкіртақыны кешіктірсе, ауырып қалсаңыз немесе кенеттен қымбат сыйлық алу керек болуы мүмкін. Аяқ асты болып қалатын жағдайлар көп, сонда сізге таныстарыңыздан қарыз алу керек болады немесе кредит алуға тура келеді. Керек соманы жай ғана депозиттен ала салып, кейін орнын толықтырғаны артық екенімен, әрине, келісетін шығарсыз, өйткені, бұл резервтік ақша болғандықтан, отбасыңыздың бюджетіне бұл әсер етпейді. Сонымен бірге, пайыздарды жоғалтпай ішінара алуды қарастыратын банкті таңдаған жақсы болады. Осылайша, Хоум Кредит Банкінде сіз, ақшаны сақтау мерзіміне қарамастан, шартты жасағанда көр­се­­тіл­­ген барлық пайызды аласыз. Бұл сенімді сұлба сізге өз ақшаңызды басқаруға және оларды қол жетімді қылуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл үлгіде банктердің кез келгені істей бермейді, сондықтан осындай егжей-тегжейлерге назар аудару керек.

Мерзімінен бұрын жабу

Ақшаны мерзімінен бұрын депозиттен алған кезде, сіз шартты бұзасыз да, банк сізге пайыздардың барлық сомасын төлемеуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда мерзімінен бұрын бұзу мөлшерлемесі қолданылады, ол негізгі мөлшерлемеден төмен болады. Ең жақсы амал – пайыздық мөлшерлемесі мерзімінен бұрын жапқан кезде де төмендемейтін салымды ашу. Қазақстанда мұндай ұсыныстар аз, Хоум Кредит Банкі сол аздың бірі — сондай шарттар бар болғандардың бірі. Теңгемен жасалған салым бойынша мұнда ақша сақтаудың кез келген мерзімі үшін жылдық 9,4% ұсынады, тіпті, ақшаны бірнеше күннен кейін немесе бір айдан кейін алғыңыз келсе де. Бұл үшін сіз ешқандай комиссиялар мен айып төлемдерін төлемейсіз – бұл өте ыңғайлы.

Банкті таңдаймыз: ең бастысы — сенімділік

Әдеттегідей, біз банкті таңдау мәселесіне келетін болсақ, басшылыққа өте субъективті дәлелдерді аламыз. Бұл достың, туыстың, әріптестің кеңесі немесе жай Интернет кеңістіктерін аралаудың нәтижесі болуы мүмкін. Мұндай нұсқаулықтар маңызды болады, алайда, банктің вебсайтында, іскерлік БАҚ-нда берілген ресми деректерге назар аударғаны жөн.

Бұл жерде маңызды параметрлердің бірі – сенімділік, бұл сіздің ақшаңыз өзіңізге қайта оралады дегеннің кепілдігі. Елімізде көптеген банктер жұмыс істейді. Солардың ішінде жергілікті де, шетел банктері де бар. Соңғыларына халықаралық Хоум Кредит Тобының мүшесі – Хоум Кредит Банкі жатады, ол әлемнің 10 елінде жұмыс істеп, 31 миллионнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Қазақстанда аталмыш ұйым 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр және жұмысының тұрақты жақсы нәтижелерін көрсетуде. Осылайша 2012 жылы депозиттік база екі есе көбейді, бұл банк клиенттерінің сеніміне ие болғанын және сол сенімнің деңгейі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын білдіреді. Бұның себебі мынадай да болуы мүмкін: мұнда өз клиенттерінің уақытын бағалай біледі, Хоум Кредит Банкінде депозиттер бойынша қызмет көрсету кезексіз жүргізіледі. Өзіңізбен бірге бар болғаны 1 құжат болу керек: ЖСН көрсетілген жеке куәлік.

Банкті таңдаған кез­­де депозит Қазақ­стан­ның депозиттерге кепілдік беру қорында сақтандырылуы керек екенін ұмытпаңыз. Салымды ашар алдында бұл жағдайды міндетті түрде анықтаңыз.

Байқап қалсаңыз, де­­по­­зитті таң­­даған кез­де бас­­шы­­лық­­ қа алуды қажет ете­­тін көп­те­ген факторлар бар. Ең бастысы, сезім дегенді тас­­­тап, дүниеге па­­ра­­­­саттылық көз­­­­қараспен қа­­рауға тырысу. Сон­­­­да сіз өзіңізге кіріс әкелетін өз де­­позитіңізді тауып аласыз!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды