Өз дәрігеріңді таңда

0 149

Емханаларға қаражат тіркелген адамының санына қарай бөлінеді. Бұл жоба медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға байланысты қолға алынған-тын. Жыл сайын жұртшылық өзіне ұнаған емханаға қаралуға тіркеуге тұрады.

????????????????????????????????????

Сол сияқты, бүгінде ха­лық өз дәрігерін таңдауға да құқылы. Осыған байланыс­ты №7 қалалық емханада тір­келушілерге бірқатар жағ­дайлар жасалып отыр. Мұн­­дағы екі ғимаратта үш тір­кеу бө­лімі орналасқан. Онда дәрі­герге алдын ала жазылу, үйге дәрігер шақырту мақса­тында келіп түскен теле­­фон қоңыраулары тірке­леді. Бұ­дан басқа, келуші­лерге кон­суль­тациялық көмек көрсететін cаll-орталық, емделушерді қолдау орталығы құрылған.
Енді учаскелік жұмысты жетілдіру мақсатында «Өз дәрігеріңді танып-біл» атты акция қолға алынды. Бұл шара 1 маусымға дейін жүр­гізіледі. Акция шеңберінде дәрігер, медбике, акушер, әлеуметтік қызметкер мен психологтардың телефоны көрсетілген арнайы визиттік карточкалар таратылып, буклеттер үлестірілуде.

Ұ.Мұхамбетова,
№7 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 19 =