Өз біліміңе сен, түлек!

0 49

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ­тестілеу орталығы директоры ­Дидар Смағұлов ҰБТ-ға дайындық барысы туралы айтып берді.

Ол биыл балалар тек өз біліміне сену керектігін қадап айтты. «Тыйым салынған затты алып кірем деген түлек ҰБТ-ға кіре алмайтынымен қоймай, келесі жылғы тестілеу­ге де қатыса алмайды. Былтырғы жылға қарағанда, биыл телефон алып кірген балалар саны едәуір азайған. 25 тамызға дейін барлық бейнежазбаны талдап, телефон алып кірген баланың грантын әділ тапсырған түлекке береміз» деп түсіндірді Дидар Смағұлов.
Биыл түлектер ҰБТ тапсыру өтінішін онлайн тіркеді. Олар тес­тілеуді де қай күні тапсыратынын онлайн біле алады. Ал қай күні тапсыратынын білмейтіндер болса, Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директоры Дидар Смағұлов өзіне Instagram парақшасы арқылы шықса, толық жауап беретінін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 17 =