Отыз жылдыққа – отыз ағаш

0 30

Дәл бүгін «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газеттерінің жарыққа шыққанына отыз жыл толды. Иә, отыз жыл… Тарих көзімен қарағанда бұл деген қас-қағым уақыт секілді болғанымен, қос басылымның тәй-тәй басқан қадамы, қалыптасу жолы, ақыры, астаналық басылымға айналып, жалпақ елге таралуы – тағылымға толы оқиға деп айтуға болады. Осы мерейлі датаға орай қос газет ұжымы дәстүрге сай отыз ағаш отырғызды.

Айтулы шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, басылым қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтады.
– Бас қаладағы «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының құрамындағы «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің тарихы сонау егемендік жылдарымен тұспа-тұс келеді. Соған орай бүгін 30 ағаш отырғыздық. Қос басылым қаламызда болып жатқан айшықты оқиғалар мен іс-шараларды дер кезінде жазып отырады. Газет қызметкерлерін отыз жылдық белеспен құттықтап, ақпарат майданында талмай қызмет етулеріне тілектеспін!, – деді Бақтияр Мәкен.
Қала әкімінің орынбасары сөз арасында ағаш егу секілді игілікті іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен астанада дәстүрлі түрде жүргізіліп жатқанын айрықша атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + five =