ОТШАШУҒА ОРАНДЫ АСТАНАМЫЗ

0 146

ERM_3487

Астана күніне арналған мерекелік отшашу қаланың бес жерінен жарқырады.

«Хан Шатыр» сауда – ойын-сауық орталығы жанындағы алаңнан, Есіл өзені жағалауынан және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелері қиылысындағы аумағынан көтерілген түрлі-түсті отшашу Астана мерекесінің айшықты көрінісі болды.

????????????????????????????????????

Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана кеше ғана 18 жылдығын атап өтті.  Сәулеті мен дәулеті жарасқан елордамыздың төл мерекесі қала жұртшылығы мен меймандарына ерекше қуаныш сыйлады.

    Астана – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазығын қаққан құтты қаламыз  барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

   Астана – бар қазаққа бас қаласы ұлттық рухымыздың қайнар бұлағына, азаттықтың айбынды бойтұмарына, жасампаздықтың ақжолтай жаршысына айналды.

ERM_3697

   Астана –  инновациялық жаңалықтарды игерген, индустриялық өндіріске икемделген, шағын және орта бизнеске қолайлы қалаға айналды.

   Астана – тағдырларды тоғыстыратын,  ғашықтарды табыстыратын, жалындаған жастарға шабыттандыратын  арман қалаға айналды.

   Астана – өнер мен мәдениеттің өрелі өлкесіне, спорт пен салауатты өмірдің қалыптасқан өңіріне айналды.

   Астана –  бірлік пен берекені еселеген, ерлік  пен еңбекті қастерлеген, әлем таныған бейбітшілік қаласына айналды.

   Астана – төрткүл дүние көз тіккен, халықаралық аренада абыройы асқақтаған ару қалаға айналды.

   Астана – Елбасының орындалған арманы, бар қазақтың құт қонған шаңырағы.

ERM_3742

Мәртебең биіктеп, мерейің өсе берсін, ел жүрегіне айналған, арман қала – Астана!

   Астананың туған күні, құтты болсын, ағайын!

                                                                                       Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =