Өткеннің оң нәтижесі бар

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

0 18

Жаңа жылдың алғашқы он күндігі артта қалды. Еліміздің барлық тұрғындары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшті. Осы ретте 1996-1998 жылдарда құрылған Міндетті сақтандыру қорының тәжірибесі еске түседі. Өткеннің тәжірибесінен қандай нәтиже алдық деген маман сұрағына жауап іздей отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жолында айтарлықтай кедергі болмайтыны көңілге қонады.Жалпы, қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өзінің дұрыс жақтары да, сонымен қатар қате кеткен жерлері де бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның дұрыс жақтары да болды.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі нысандары желісін және медициналық көмектің ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі мекемелерді жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық дағдарысты ағымдағы жағдаймен салыстыруға болмайды. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, сол кезеңдерде кәсіпорындардың басым көпшілігі банкротқа ұшырады, еңбекақы бойынша үлкен қарыздары болды. Экономикалық дағдарыс жаппай төлем жүргізбеуге, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлем жүргізбеуге негізгі себеп болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге тартылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болуына байланысты қиындады.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін байқап отырмыз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай са­йын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес халық үшін ӘМС қорына жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өзіне алатынын атап өткен жөн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды