Отбасына арналған семинар

0 15

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында халықаралық зорлық-зомбылықпен күрес күніне орай «Әйелдер құқығы, отбасылық психология және дағдарыс жағдайындағы мінез-құлық» атты практикалық семинар өтті.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдауымен «Бақытты шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсететін тұрақты даму қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Мұнда ҮЕҰ өкілдері отбасылық қатынастағы үйлесім, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін әңгімеледі. Сондай-ақ мамандар өмірлік қиындықтарға тап болғанда қалай әрекет жасау керектігі туралы кеңес беріп, ондай кезде дағдарыс орталықтарына, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Үміт» дағдарыс орталығының көмегі мен қызметтеріне жүгінуге болатынын айтты.
Спикер ретінде отбасылық психолог, қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Ержан Мырзабаев және «Үміт» дағдарыс орталығы директорының орынбасары Шынар Кәкімова сөз сөйледі.
БҰҰ Бас ассамблеясы бекіткен әйел­дерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні 2000 жылдан бастап жыл сайын 25 қарашада аталып өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 9 =