Отбасылық марафонға қатысыңыз!

0 10

Нұр-Сұлтан қаласында «Денсау­лық – зор байлық» отбасылық марафоны басталды. Марафон қорытындысында 20 жеңімпаз отбасының әрқайсысына 50 000 теңгеден спорт тауарларын сатып алуға сертификат табысталады.Марафон шарттары бойынша картада жүгіру бағытын көрсететін Strava қосымшасына тіркеліп, өтініш беру қажет. Отбасылық жүгіру қашықтығы күніне кемінде 1 км болу керек. Жүгіруге ерлі-зайыптылардың екеуі де 21 күн бойы қатысады (ерлі-зайыптылардың нәтижесі ғана есептеледі). Күн сайын: фотоесеп (1 фотосурет) пен жүріп өткен жол мен жаттығу бағытын көрсететін қосымшадан сілтемені @elorda.otbasy және @ns_jastary аккаунттарын белгілей отырып, Instagram желісінде сториске салуы (15 секунд – 1 минут) тиіс.
Өтініш беру үшін некені тіркеу туралы куәлік көшірмесі мен байланыс ақпараттары 1-15 маусым аралығында қабылданады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =