Отбасы құндылықтарына мән береді

0 24

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғастыруда. Үміткерлердің бір тобы Республикалық ғарыштық байланыс орталығы қызметкерлерімен Zoom форматында жүздесті.

Бүгінгі күнде тұрақтылық пен дамудың берік кепіліне айналған «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырып келеді.
Саяси оқиғаның қарсаңында партияның еліміздегі отбасылардың әл-ауқаттылық деңгейін жасаудағы ұстанымдарын айта кеткен жөн.
Соның бастысы Үкіметпен және әкімдермен бірге аз қамтылған көпбалалы отбасыларына көмек көрсетудің әртүрлі тетіктері қамтылған «Бақытты отбасы» партиялық жобасы деуге болады.
Әрбір қазақстандық отбасы балалардың балалық өмірі алаңсыз болуын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алуы керек. Көпбалалы отбасыларды қолдауға, көпбалалы аналардың үйде отырып жұмыс жасауына қажетті жағдай жасалып келді. Күнкөрісі төмен көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің мүмкіндіктері қарастырылып, көптеген елордалықтар жеңілдікпен баспаналы болып жатыр.
Ата-аналардың жұмысқа шығу туралы шешімі баланы күтіп-бағу сапасына әсер етпеуі керек. Сондықтан да 3 жасқа толмаған балаларға арналған Дамыту орталықтарының санын көбейтуге қол жеткізілді.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткер Құралай Ошақбаева – көпбалалы ана. Оны Іnstagram-ның қазақстандық сегменті жақсы біледі, 1,1 млн жазылушысы бар. Бұл – мәслихат қатарына кең танымал адамдардың тартылуының, қоғамдағы өзгерістерді қалың көпшіліктің қолдайтынының белгісі.
Жалпы, мәслихаттағы елордалық Nur Otan партиясының тізімі 90 пайызға жаңартылды. Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 20-дан 30 пайызға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 0-ден 22,5 пайызға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 9 жасқа – 52 жастан 43 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 25 депутаттың 5-і ғана жаңа партиялық тізімге енді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =