«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Отбасы – бақыт Отаны

0 245

Бас қалада «Жас ұлан» республикалық қоғамдық бірлестігі «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында қалалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, 25 жыл тату-тәтті, жұп жазбай ғұмыр кешіп келе жатқан Ерекешовтер әулетімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге мектеп оқушылары, студенттер, жас отбасылар қатысты. Жылылыққа толы кеште Асылжан мен Манира Ерекешовтер жастарға отбасындағы татулық туралы сөз өрбітті. Бұл екі кісі медицина саласында еңбек етеді. Осындай күрделі салада еңбек ете жүріп, үш бала тәрбиелеген. Бүгінде олардың бәрі – жоғары білім алған білікті азаматтар.
Сондай-ақ, әсерге толы кешке «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, танымал диктор, екі ұлдың әкесі Мұхамедәлі Болатұлы жұбайы Сәулемен қатысып, өздерінің отбасылық өмірлері жайында жиналғандарға айтып берді.
Осы жоба аясында ұйымдастырылған «Менің отбасым – менің мақтанышым» атты бейне байқауының қорытындысы шығарылды. 33 жұп қатысқан байқауда тек бір ғана отбасы жеңімпаз деп танылды. Қазылар алқасының шешімімен ұтысқа қойылған қомақты қаржы Аманов­тар отбасына бұйырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды