Отанға адал қызмет еткен тұлға

0 36

Елордада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, марқұм Марат Оспановқа арналған конференция аясында «Отанға адал қызмет ету» атты кітаптың таныстырылымы болды.Тағылымды шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және Марат Оспанов­тың отбасы мен жақындары қатысты.
Биыл қоғам қайраткерінің дүниеден озғанына 20 жыл болыпты. Тұлпардай жүйткіп бара жатқан уақыт. Ардақты азамат өмірден өткеннен бері туған жері – Ақтөбе қаласынан оған көше берілді, тұрған үйіне мемориалдық тақта қойылды. Қазір Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Оспановтың есімімен аталады. Тағы басқа да қайраткерді еске алу шаралары жиі өтіп тұрады. Бас шаһарда өткен конференцияда соның жалғасы деуге болады.
Таныстырылымда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин­ ­Марат Оспановтың есімі егемен еліміздің тарихи кезеңімен қатар жүретіндігін жеткізді.
«Марат Тұрдыбекұлы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан ­Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, тәуелсіздікті қалыптастыру және дамыту жолында аянбай еңбек етті. Оның мол білімін, ерекше қабілетін, батыл мінезі мен үлкен саясат жолындағы еңбегі жас ұрпаққа үлгі болады» деді Мәжіліс төрағасы.
Марат Оспанов Мәжіліс төрағасы болған жылдары Парламентте 400-ден астам заң қабылданған. Ол тек заң шығару қызметімен ғана емес, мәдениет, спорт саласын нығайтуға да елеулі үлес қосқан.
Сондай-ақ конференцияда белгілі тұлғамен қызметтес болған әріптестері мен дос­тары шуақты естеліктер өрбітіп, абзал азаматтың өмірінің жарқын сәттерін бейнелеген фото-көрме ұйым­дастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =