Отандық вакцинаның жаңа партиясы жеткізілді

0 13

Демалыс күндері елорданың денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық вакцинаның 6 мың дозасы, яғни, бірінші және екінші компоненттің әрқайсысынан 3 000 дозадан жеткізілді.Қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда да, СОО мен сауда үйлерінде де егілетін болады. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пункттеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинациялау пункттерінен ала алады. Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның 1 компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында «Спутник-V» препаратының 1 компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық Hayat Vax 1 компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 17 =