ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРІМІЗ ӨТІМДІ

0 109

DSC_8713

Отандық өнімдерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясын жүзеге асыру идеясын алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Мемлекет басшысының ұсынысы астаналықтар арасында кең қолдау тапты.

Бүгінгі таңда сауда орындарында отандық өнімдер қойылған сөрелер көзтартарлықтай безен­діріліп, тұсына арнайы ақпараттық тақтайшалар ілінуде. Бұл сатып алушылардың отандық өнімдерді тез тауып, дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік береді.

Осы тектес шара «Сарыарқа» сау­да және ойын-сауық орталығында орналасқан «5 минут» супер­марке­тінде өтті.  Акцияға арнайы  шақы­рылған қонақтар – тележүргізуші, әртіс Тұрсынбек Қабатов пен астаналық «Барыс» хоккей клубының ойыншысы, ұлттық құраманың капитаны Талғат Жайлауов өз өнімдеріміз қойылған  сөре­лерді аралап өтіп, шетелден әкелі­нетін тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алудың тиімділігі туралы әңгімелеп берді.

Аталмыш супермаркет қыз­меткер­лерінен сұрап білге­німіздей, жалпы нарық­тағы ұн, макарон өнімдері, ет-сүт сияқты күнделікті қажетті азық-түлік­тердің өтімі өте жоғары екен. «Астық-Цесна», «Апрель», «Айпак», «Богатырь», «Целинная-Фабрика деликатесов» компаниялары тауарларының безендірілуі, сапасы жағынан шетелдік өнімдерден бір кемдігі жоқ, бағасы да әлдеқайда қолжетімді екенін білдік. Сатып алушылардың отандық өнімдерді сатып алудағы ықыласын арт­тырған акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =