Отандық өнімдер АҚШ-та көрсетіледі

0 31

Алдағы уақытта «Balapan» арнасының 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Бұл туралы «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Енді «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын «Olympusat» компаниясымен жасалды. Сонымен қатар «Balapan»-ның анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктеледі. «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады. Айта кету керек, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды.

Бұл – арна мен еліміздегі анимация тарихындағы айтулы оқиға. Арнаның барша көрермендерін осынау маңызды да ірі жетістікпен құттықтаймыз, – деген «Balapan» телеарнасының директоры.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 2 =