ОСКАР

0 95

Биылғы «Оскар» сыйлығын «үлестіру» салтанатына дәл екі апта уақыт қалды. Аталған сыйлықтан дәмелі жұлдыздар бүгінде стилистерден кеңес алып, дизайнерлік киім-кешектерге тапсырыс беріп, жұрт алдындағы айтылатын сөздеріне дайындалып, қысқасы, қызу тірлік кешуде. Ал, біздер, оған дейін, аталған сыйлыққа қатысты танымдық һәм қызықты мәліметтерді бір шолып өтелік.  

Неліктен бұл сыйлықтың атауы мұхиттың арғы жағында кеңінен таралған Джон, Пол болмаса, Дастин емес? Неге Оскар? Ресми атауы «Ерен еңбегі үшін Академия марапаты» болып табылатын бұл сый­лық­тың «Оскар» атануының тарихы ту­ралы кең таралған нұсқа – Академияның кі­тап­ханашысы Маргарет Херрик, сыйлық мү­­сінін өзінің Оскар ағасына ұқсайды екен деген-мыс. Кинемотография тарих­шы­­ларының басқа бөлігі – оны белгілі америкалық актриса Бетти Дэвис дәл осылай атаған деп санайды.

Ең алғаш рет «Оскар» сөзі сыйлықтың алтыншы салтанатты шарасында пайдаланылды. Оған дейін мүсінді – Алтын сыйлық, Ерен еңбегі үшін Мүсіні, тіпті, Темір адам деп те атаған.

Мүсіннің салмағы үш келі шамасында, ал, ұзындығы – 34 см. Әр мүсін мыстан, никельден және күмістен жасалады. Ал, ең соңынан 24 караттық алтын жалатылады. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы мүсіндер, металдың қаттығынан гипстен жасалған болатын.
Жүз жылға жуық тарихында Оскар үш-ақ рет қана өткізілмеді. 1938 жылы Лос-Анджелесті су басқанда, 1968 жылы Мартин Лютер Кинг өлтірілгенде және 1981 жылы АҚШ президенті Рональд Рейганға шабуыл жасалғаннан соң.

Оскар алғандардың көшбасшысы – Уолт Дисней. Ол ұсынылған 64 аталымнан 26 «Оскарды» иемденген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 11 =