ӨСІМПҰЛДЫ ӨТЕЙМІН ДЕМЕҢІЗ…

0 122

Schetchik

«Астана су арнасы» коммуналдық кәсіпорны тұтынушылар қарызды толық өтеген жағдайда өсімпұлды алып тастайтын болып шешті. Бұл игі шара кәсіпорынның 55 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Тұтынушылар коммуналдық кәсіпорынның өсімпұлды алып тастау бойынша бір жолғы науқанын пайдаланып қалу мақсатында су-кәріздік қызметі үшін қарызды толық өтегеннен кейін ғана өтініш пен түбіртектің көшірмелерімен мекеменің есеп айырысу-абоненттік учаскелеріне келуі қажет. Бір ескерерлігі, көрсетілген қызметтер үшін қарызды 31 шілдеге дейін толықтай өтеп болу керек.

«Астана су арнасы» МКК халыққа бірнеше жылдан бері сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынып келеді. Сонымен қатар, су құбыры желілері мен құрылыстарын, кәріздерін пайдалануды орындайды. Қазіргі уақытта ұйымның жалпы қызмет сапасы одан әрі дамып, инновациялық технологиялар кезеңіне қадам басуда. Тіпті, Еуропалық бизнес қауымдастығы кәсіпорын жұмысына өздерінің жоғары бағасын беріп, «BestEnterprise» халықаралық сыйлығына ұсынған да болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =