Орыс мектебінде оқып жүр талай қазақ баласы…

0 114

Біраз уақыт бұрын автобус ішінде жолаушы әйелдің орысша шүлдірлеп отырған баласына «қазақша сөйле, мұғалімің «отбасында қазақ тілінде сөйлесіңдер» деп айтты ғой» дегенін естіп, көңілімнің жібіп қалғаны бар-ды. Алайда, мынау ресми көрсеткіш таңдай қақтырып, бас шайқатпай қоймады. «Тілім» деген өзекті тілім-тілім ететіні тағы аян. Астанада он жеті мыңға (!) жуық қазақтың қарадомалағы орыс мектебінде сауат ашып, білім алады! Он жеті мың!..

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ былтырғы Жолдауын­да­ ға­на­ та­қы­рыпқа қатысты кө­ң­іл­ қу­ан­тар­­лық жайтты жа­рия­ла­ған: «2020 жылға дейін қа­зақ­стан­дық­тар­дың 95 пайызы қазақ тілінде сөй­лей­тін болады» деген шегелеп. 2020 – та­рих өлшемімен тарқатсақ, таяқ тас­там меже. Бірақ, тілдің да­муы­ сыл­быр, баяу.

Бұлай деуге не себеп?..

Рас, бүгінгі Астана ілгеріде те­ріс­кей­де­гі­ «ұлы» империяға та­қау­ еді. Алып елдің ықпалы ір­ге­лес­ жатқан қазақ жеріндегі қала, ауыл жұртшылығына әсер етпеді деп­ айта алмаймыз. Бар-жоғы жи­ыр­ма­ жыл бұрын сол байтақ со­вет­ ода­ғы­ның­ құшағында, жоқ, бо­дан­ды­ғын­да­ болғанымыз тағы бар. Енді ғой, егемендігімізді алып, елорданы Арқаның төсіне қондырғанымыз. Содан бері де бір мүшелді артқа тас­тадық. Аз да, көп те уақыт емес. Бі­рақ,­ жоғарыдағы сан бәрібір дені дұ­рыс­ қазақы сананың еңсесін жерге тарта бе­ре­ді.

Бас шаһарда дәл қазіргі кезде жал­пы­ білім беретін жиырма төрт қазақ мектебі, отыз алты аралас мек­теп,­ он орыс мектебі бар екен. Бар­лық оқушылар саны – 83 568. Осы­ның­ ішінде қазақ мектебінде оқи­тын­ жеткіншектердің саны та­ғы­ жартысын шамаламайды – 29­523.­ Ал, мұның 302-сі ғана өзге ұлт­тың­ өкілдері.

Қазақ сыныптарынан екі есе аз орыс сыныптарында білім алатын 66610(!) оқушының 16958-і (!) – өзіміздің «жарқын болашағымыз» деп үміт артқан қазақ тілсіз өр­ен­де­ріміз. (Орыс мектебінде оқитын қандастарымның қазақшаны же­тіс­ті­ре­тініне күмәнім басым). Бұ­ның­ сыртында он екі жеке мен­шік­те­гі­ білім ошағы бар. Ал, оларда қан­ша­ қазақ баласының бұрынғы «қо­жай­ын­ның» тілінде шүлдірлеп жүр­ге­ні­ Аллаға аян. Әйтеуір, аз емес­ екеніне кәміл сенем.

Міне, қазақ тілінің келешегінің бас қаладағы ахуалы. Осыған қа­рап,­­ елімізде мемлекеттік тілге әлі­­ де­ менсінбеушілікпен мұрнын шүй­­і­­ріп,­­ сенімсіздікпен күмәндана қа­­рай­­тын­дар­дың­ қатары баршылық еке­нін байқаймыз. Он жеті мыңға жу­ық баланың орыс мектебіне сұ­ранып бармағаны рас қой, әке­-ше­ше­ле­рінің саналы түрде жа­са­­­ған­­­ ық­па­лы­мен, сүйреуімен. Яғ­­­ни,­­ қазақ тілін мойындамайды.­ Ор­айы түскенде көмейдегіні ір­ік­кен­ болмас, билік төріндегі шен­ді­-шекпенділердің де дені орыс ті­лі­не­ судай. Өз тілімізге келгенде кі­бір­тік­теп,­ батпақтай қалатынына, тіп­ті,­ беймағлұм екеніне шыққыр көз­ талай куә болды. Бас қаладағы бір­қа­тар мекеме-кәсіпорын бас­шы­­ла­ры да қазақ тіліне өзеурей қа­рай­ды.­ «Бастыгымыз орысша­ сой­лей­ді­ (бастығының ұлты қа­зақ),­ сосын, быз де орысша жасай­мыз­ документтерды» дегенді де ес­ті­дік­ бір мемқызметкерден. Ше­неу­нік­тер­ге өкпелейміз-ау, ұлт жанашыры, тіл жанашыры деп төбемізге кө­тер­ген,­ есімі күллі қазақтың ау­зын­да­ғы­ ақын-жазушылардың да­ ба­ла­ла­ры­ның, немерелерінің тілі қа­зақ­ша­ емес екені ащы да болса, шын­дық.­

Көңілде алаң көп. Тіл – бір пара­сы­ ғана. Жоғарыдағы түйткілге жан сыздап, аттандағанымызбен, қу­а­н­та­тын­ тұстар да жетерлік. Мә­се­лен, Астана алғашқы жылдарға қарағанда, қазақыланды. Отызға жуық Алаш арысының есімі кө­ше­лер­ге берілді. Еліміздегі ең үлкен шаһар – Алматының өзінде он бес шақты ғана Алаш қайраткерінің ат­ын­да көше бар. Әйтеуір, жыл са­нап­ ашылып жатқан білім ошақ­та­рының бәрі-дерлік қазақ мек­теп­тері… Балабақшалар да солай. Та­ғы, тағылар… Енді солардың та­бал­ды­рығын аттар бүлдіршіндер көп­ болсын дейміз.
Атқарылған шаруаға тоқмейілсу – қа­да­мы­мыз­ды­ өн­дір­мей­ді.­ Ұлт­тық­ мүдде мен тіл абыройын алға­­ сүйреуден танбасақ, әлгі өз құн­­ды­­лық­та­ры­на­ мұрын шүйіре қа­рай­­­­тын­­­дар да (он жеті мыңға жуық­­­ оқушының ата-анасы) жөнге тү­­сер…

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 14 =