ОРЫНБАСАР ТАЛАБЫ ОРЫНСЫЗ ДЕП КІМ АЙТТЫ?

0 138

Мұғалімдер ұжымы:
– Сәлеметсіз бе, Иманғали Нұрғалиұлы! Сізге Астана қ. №53 мектеп-лицейдің ұжымы хат жазып отыр. Директордың орынбасары Дәулетбекова Гүлжан Тоғанқызы ешкіммен санаспайды, тек өзі шешім қабылдап, сөзсіз орындалуын талап етеді. Барлығымызды «Happiness» желілік сауда компаниясының өнімдерін сатып алуға міндеттейді, балаларға ұнамайтынына қарамастан, ұдайы фотосуретшілер мен «Айжан» театрын шақырады. Қазір мұғалімдердің барлығын бірегей киім үлгісін киіп жүруге мәжбүрлеуде. Ол юбка мен жилеттен тұрады, бағасы – 17000 мен 22000 теңге аралығында, ал сапасы – адам шошығандай. Мұғалімдердің банктен алған кредиттері бар, көбі пәтер жалдап тұрады, бірақ қарсы сөз айта алмайды, жұмыстан шығып қалудан қорқады. Кәсіподақ пен директор бұған көз жұма қарайды.

ЖАУАП:
– Білім басқармасы ағымдағы жылдың 2 қазанында сіздердің шағымдарыңызда мазмұндалған деректерді тексерді. Білім басқармасының бастығына №53 мектеп-лицейдің директоры, оқу жұмысы жөніндегі және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, кәсіподақ
төрағасы шақырылды.

Тексеру барысында мыналар анықталды:

«Айжан» театрының сахналық көріністері қыркүйек айындағы 1-4-сыныптарда жол қауіпсіздігі ережелері бойынша өтетін сабақтың бағдарламасына сай келеді. Мектептерге қойылым қоюға келетін театрлардың барлығы Білім басқармасы бастығы қол қойған рұқсатнама
алған.

Фотосуретші сіздің мектеппен 2006 жылдан, ашылған сәттен бастап ынтымақтаса жұмыс істеп, іс-шаралардың бәрін кәсіби
тұрғыдан суретке түсіріп келеді. Г.Т.Дәулетбекованың бұған қатысы жоқ.

«Нарріness» желілік сауда өнімдерін Гүлжан Тоғанқызы Дәулетбекова жұмыстан қолы босаған кездері, ұжымдағы ешкімді мәжбүрлеместен сатып жүр.

Ұжымдағы 113 мұғалімнің 77-сі (68%-ы) идеяны қолдағанына қарамастан, ұстаздарға арналған бірегей киім үлгісі енгізілмейді.

Бұған дейін орынбасардың үстінен ешкім директорға
шағым жасамаған. Осы мектепте жұмыс істеген үш жыл ішінде Г.Т.Дәулетбекова іске тиянақтылығымен, өзіне де, өзге де талап қойғыштығымен ерекшеленген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + two =