Өрттің көбейгені өкінішті

0 83

Соңғы күндері Астана қалалық өртке қарсы күрес қызметкерлерінің біраз тер төгуіне тура келді. Екі күн ішінде қалада үш өрт оқиғасы тіркелді. Олардың бірнеше ортақ себептері бар көрінеді.

– Өкінішке қарай, өрттің болуына негізгі себеп тұрғын үй құрылысында тез тұтанатын, жанғанда улы газ бөліп шығаратын материалдардың қолданылуы, сапасыз электр сымдарын құрылыста пайдалану, жеке тұрғын үй секторындағы үй иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып отыр, – дейді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Геннадий Бойко. – Шешімін таппай отырған осы мәселелердің қордалануы Астана қаласында өрт ошағының көбеюіне, өрт салдарынан қаза тапқан адамдар санының өсуіне әкеліп соқтыруда.

Астанада жыл басынан бері 156 өрт дерегі орын алған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыс­тыр­­ған­да 1 пайызға артып отыр. Яғни, өртке қарсы қызмет бөлімшесі дабыл бойынша былтыр 62 мәрте шақырылса, биыл 63 рет өрт сөндіру қызметіне шыққан. Материалдық шығын 237 мың теңгені құраған. Қызыл жалынның кесірінен 2 адам көз жұмып, 3 адам зардап шекті. 24 өрт оқиғасы тұрғын үй секторларында болған. Электр қондырғыларын қолдануда ереженің бұзылуынан 21 өрт шыққан. Автокөліктің өртенуі – 16, салынып жатқан құрылыстарда – 13, оттан шыққан – 13, пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан 5 өрт оқиғалары тіркелген.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 11 =