«ӨРТТЕН» ЗАРДАП ШЕККЕН ЖОҚ

0 130

DSC_3125

Кеше Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейде өрт қауіпсіздігін тексеру мақсатында төтенше жағдайлар жаттығуы өтті.

Мектепке алдын ала келген Алматы аудандық Тө­тен­ше жағдайлар басқармасының мамандары сағат тілі тура 12.00-ді соққанда дабыл қақты. Бұл кезде мектепте 1153 адам болған. Осыған дейін мектепте бірнеше рет өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығулар ұйымдастырылған еді. Сол дайындықтардың әсері болар, дабыл қаққыштың дауысы шыққан сәттен-ақ мектептің бес жағынан оқытушылар бастаған балалар лег-легімен сыртқа шыға бастады. Бір айтарлығы, 5 минутта мектеп ішіндегі 1153 адам сыртқа шығып, белгілі орындарына тізіліп үлгерді.

Ал, шартты түрде мектептің үшінші қабатында күйік шалып қалып қойған бір адамды өрт сөндіру­шілер мен құтқарушылар арнайы техника күшімен құтқарып алды.

Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқар­масы өрт сөндіру қызметінің бас маманы Айдар Құсайынов мектеп ұжымының «өрт кезіндегі» қимыл-әрекетіне жоғары баға берді. Өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізілген жаттығулардың жақсы нәтиже бергені үшін мектеп директоры Ғалияш Әмринаға алғысын білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =