ӨРТТЕН САҚТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

0 115

erm_6543-asli

Астана қаласының Төтенше жағдай жө­ніндегі департа­мен­тінің Сарыарқа ау­дан­дық бас­қармасы  ПИК төрағаларымен жиналыс өткізді. 

Жиын барысында аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлерде өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі та­лаптарының орындалу жайы қаралды. Бүгінгі таңда Са­рыарқа ауданында 1 038 көп қабатты тұрғын үй бар, соның ішінде 113 үй биік ғимараттар болып саналады, өйткені олардың биіктігі 28 метрден асады.
Жиында Астана қаласы ТЖД аудандық басқарма басты­ғының міндетін атқарушы Елдос Батталов өткен жылы өрт қауіпсіздігі саласында тұрғын үйлерге қызмет көрсететін нысандар бойынша 113 тексеру жүргізілгенін, соның ішінде объективті себептер бойынша 30 үй тексерілмегенін, 83-і тексерістен өткенін хабарлады. Нәтижесінде, 46 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін бұзу деректері анықталған. ПИК-терге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Тексеру барысында бұзу­шылықтар анықталған үйлерді және объективті себептер бо­йынша тексерілмеген үйлерді тексеру үстіміздегі жылы жал­­ғасатын болады. Елдос Бат­талов қызмет көрсетуші ұйым­дардың жетекшілері өрт қауіп­сіздігін қамтамасыз етіп, тұрғын үйлерде өртке қарсы қорғау жүйесін қалпына келтіруге, өрт сөндіруші автоматты қондырғыларды, өрт дабылдарын, түтіннен қорғаныс жүйесін, өртке қарсы ішкі су құбырын жұмыс қалпында сақтауға тиіс екенін ескертті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − fifteen =