Өрттен сақ бол!

0 45

Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрттің ықтималдығын азайтып, қайғылы оқиғаның алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіндірді.Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру қызметінің мамандары, Полиция департаменті, аудандық әкімдік өкілдері және еріктілер қаланың төрт ауданындағы 11 саяжайға барып, дауыс зорайтқыш байланыс арқылы ақпарат таратты және өрт сөндіру машиналарымен 1460 үйді аралап шықты. Үш күндік аралау барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Өрт қаупі кезеңі басталғалы астана аумағында құрғақ өсімдіктер жануының 68 жағдайы орын алды. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп. Бас-аяғы алты гектардан астам жер қызыл жалынға оранған.
Күн жылынғалы тұрғындар аулаларын, ұйым аумағы мен көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртеудің төрт фактісі тіркелген.
Іс-шара барысында тұрмыс­тық қалдықтарды жағудың екі жағдайы анықталды. Кінәлі азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 5 =