Өрттен аман алып қалды

0 21

Елордалық өрт сөндіруші жүкті әйел мен төрт баланы құтқарды.

6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Айдархан ­Кемаладинов 14 қазан күні Сарыарқа көшесіндегі «Кенесары» тұрғын үй маңында болған. «Өрт болған күні мен сол маңайға қонаққа барғанмын. Үйден шыққан бойда, 7-қабаттан өрт түтінін байқап, пәтерде адам бар шығар деген оймен ішке кірдім. Үйде жүкті әйел мен төрт бала бар болды. Олар абдырап, өздерінше шығуға дайындалып жатыр екен. Дереу өз қызметіме кірісіп кеттім. Оларды сабыр сақтауға шақырып, әйел мен балаларын төменге түсіре бастадым. Осы кезде өрт сөндіру қызметі де келіп үлгерді» дейді Айдархан Кемаладинов.
Өрт сөндірушілер 7-қабаттағы 10 шаршы метр алаңда үй заттары мен терезе жақтаулары жанғанын, сондай-ақ 8-қабаттың балконы зардап шеккенін анықтады.
19 қазан елімізде – Құтқарушылар күні. Биыл азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы атап өтіледі. ҚР Президенті құтқару қызметіне ерекше мәртебе берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құрудың маңыздылығын атап өтті.
Биыл ТЖД қызметкерлері 500-ге жуық адам құтқарып, 1,5 мыңнан аса адамды эвакуа­циялаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 8 =