Орташа зейнетақы – 99898 теңге

0 16

Елімізде 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 239 мың адамды құрап отыр.Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді.

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеміне 928,9 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақыға 222,3 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 68,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 154,1 млрд теңге бағытталды.

Зейнетақы төлемінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99898 теңгені құрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + eleven =