©2020 Астана Ақшамы
Орталықтың мұнысы несі?
Гүлнәр КӨПЖАСАРОВА:
– «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы киім ілетін және алатын орын деген жазу өрескел қатемен жазылыпты. Әрі қазақшасы орысшасынан кіші әріптермен жазылған. Әкімгерге ескерту айтқанмен, олар сөзіме көп құлақ аса қойған жоқ. Жалпы заң бойынша мекемелердің аты-жөні екі тілде бірдей шрифтімен жазылуға тиіс емес пе?
– 1997 жылғы 11 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» № 151 Заңының 21-бабы бойынша көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, сонымен бірге бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылуға тиіс. Сіз айтқан жағдай рас болса, онда аталған ойын-сауық орталығындағы жазба еліміздің заңдық нормаларына қайшы келеді.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ