©2020 Астана Ақшамы
«Орталық Азия – Үндістан» саммиті өтеді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады. Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды.
Іс-шара онлайн форматта өтеді. Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің келешегін талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданады деп күтілуде.