ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

0 327

ӘЛ-ФАРАБИ
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870-950 жж.)

Фараб қаласында (Отырар) туған, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп танылған жаратылыстану, метафизика, математика, логика, астрономия, медицина, этика және тағы басқа ғылым салаларымен айналысып, философия, математика, музыка, медицина мен басқа ғылым мен ілім салаларынан 200-ге жуық трактат жазған.

АЙРЫҚША ТАНЫМАЛ ЕҢБЕКТЕРІ:

«Субстанция туралы сөз», «Мәселелердің түп мазмұны», «Заңдар жайлы кітап», «Аспан денелерінің қозғалыстарының мәңгілігі туралы кітап», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы кітап», «Ғылымдардың шығуы туралы», «Жазу өнері туралы кітап», «Адам тәнінің ағзалары туралы».

Әбу Насыр әл-Фараби – орта ғасырлардағы мұсылмандық Шығыс ғалымдарының арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик және медик.

Әл-Фараби Сыр өңіріндегі ірі ортағасырлық қала Фарабта­ (кейіннен Отырар) дүниеге келген. Ол сол уақыттағы ғылым мен мәдениеттің барлық белгілі салалары­ – астрономия, логика,­ музыка­ теориясы, математика,­ әлеуметтану және этика, медицина және психология, философия мен құқық, өнер және әдебиет, поэзия және музыкамен шұғылданған.

Әл-Фараби «Муаллим ассана» – «Екінші ұстаз» атымен­ таныс. Себебі, мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Аристотельді Шығыста «Бірінші» деп санаған. Ұлы ғалым әл-Фарабидің қолжазба мұралары әлемнің біршама кітапханалары мен мұрағаттарына таралған. Көптеген ғалымдар оны іздеумен және зерттеумен айналысуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =