Өрт оқиғасы өршіп барады

0 71

Елордада өрт оқиғасы 27 пайызға өсіп, тілсіз жау жыл басынан бері 7 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда қалалық гарнизон 3037 рет көмекке шықты. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 27 пайызға көп. Жыл басынан бері өрттен 7 адам қаза тауып, 11 адам жарақаттанды. 361 адам құтқарылды. Қаза тапқандардың екеуі бала. Елордадағы өрттерден келген материалдық залал 139 миллион теңгені құрайды, – деді департамент басшысы.
Өз тарапынан департамент басшысы қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 3 =