«ОРМАНДАҒЫ» ОТЫРЫС

0 127

ERA_9180

Қарттар күні қаламыздағы «Мехколонна-56» ЖШС-ға қарасты «Орман» мейрамханасында кезінде осы мекемеде жұмыс істеген зейнеткерлер бас қосты.

Жиналған 20-дан аса қарт әріптес дастарқан басында еңбектен қол үзбеген еңселі шақтары жайында әңгімелесіп, қосыла ән шырқап, арқа-жарқа болып тарқасты. Қалалық «Ардагер» музыкалық хорының жетекшісі Галина Аксенова «Біз қарттықтың емес, қарттардың мерекесін тойлап жатырмыз. Мұндай кездесулер – егде тартқан адамдар үшін үлкен қуаныш» дейді. Бұл мекемеде жұмыс істеген алпыс шақты ардагер бар. Бәрі бір жерде табан аудармай 25 жылдан бастап 50 жылға дейін еңбек еткен.

«Мехколонна-56» мекемесінің бұрыннан істеп келе жатқан басшысы Болат Қуанышев зейнеткер болса да, әлі күнге дейін өзі басқарып отыр. Отырысқа келген қарт­тар­дың көбі – замандас әріптестері. «Жылына бір келетін ме­рекеде осында еңбек етіп, зейнетке шыққан қарттарды жи­нап, елеп-ескеріп, құттықтадық. Бұл – біздің міндетіміз. Ден­саулығы жарамай келе алмай қалғандары да назардан тыс қалмады. Үйлеріне барып, сыйлықтарын табыстадық» дейді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 13 =