Өрендерге – кең өріс

0 99

Жастар – еліміздің даму барысында үлкен рөл атқаратын қозғаушы күш. Бүгінгі таңда мемлекеттің тірегі – жастарды жан-жақты қолдап, алға ұмтылуына жөн сілтейтін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік меке­мелердің жұмысы да жаңа қарқын алу үстінде.

«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы мен «Энергетика және байланыс» колледжінің ұйымдастыруымен ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын астаналық жастардың арасында кең насихаттау мақсатында студент жастардың қатысуымен «Елбасы жолдауы – жас ұрпақтың қолдауы» атты кездесу өтті. Шараға «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Салтанат Әли, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. «Қазақстан-2050» жаңа бағытының басты шарттарының бірі – бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет қатарында болу болып табылады. Ол үшін сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет» деп көрсетілді. Яғни, білім беру саласындағы басымдықтарымыз сараланып, оқытудың жаңа әдістеріне көшу жолдары айқындалды. Бұл – уақыт талабы. Колледж студенттерінің көбі көпбалалы отбасыдан және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жетім балалар санатынан болып келеді. Әрдайым олардың әлеуметтік мұқтаждықтарын ескереміз. Түлектеріміздің аяқтарына тік тұрып, жақсы маман болып шығатындай жағдай жасауымыз қажет» деді колледж директоры Мүгүлсім Әкішова.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + nine =