ӨРЕЛІ ЕЛ БОЛУ — ӨЗІМІЗДЕН

0 207

Қазіргі жаһандану заманында елдің елдігін сақтап, тәуелсіздігін баянды ету үшін­ болашаққа нақты ойластырылған қадамдар жасалуы керек. Осы тұрғыдан ал­­ғанда еліміздің өсіп-өркендеп, дамуына дұрыс жол көрсетілуі қажет. Яғни, ал­­дағы уақытта жоспарсыз қадам басу мүмкін емес. Сондықтан, Елбасының Жол­­даулары 1997 жылдан бері дәстүрлі жалғасын тауып, әртүрлі мәселелерді қам­­тып, халықтың әл-ауқатын жақсарту, егеменді ел ретінде дамып, болашақта өр­кениетті және бәсекеге қабілетті әлемнің жетекші 30 елінің қатарына қосылу көзделген.

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан На­зар­баев­тың «Қазақстан – 2050» стра­­тегиясы: қалыптасқан мем­­лекеттің жаңа саяси ба­ғы­ты» атты Жолдауында Қа­зақ­с­тан хал­қының әл-ауқатын жақ­сарту мақ­сатында он негізгі ба­сым бағыт атап көрсетілді. Со­лар­дың­ барлығы ел өміріне аса қа­жет бірқатар мәселелер ре­тінде аталды. Онда Президент­ Н.­Ә.Назарбаев рушылдық мә­се­ле­сіне­ қатысты: «Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы ке­ле­тін рушылдық, жершілдік се­кілді әңгімемен ел бірлігін бүл­діргісі келетін күштердің пай­да болуы Елбасы ретінде ме­ні алаңдатпай қоймайды» деп қынжылыс білдірді. Демек, ха­лықтың әлеуметтік жә­не қау­іпсіздік жағдайын жақ­сар­ту­ға кесірін тигізетін мәселенің бірі – жер­шіл­дік­ пен рушылдық мә­­се­лесі ес­ке­ріл­ген.­

Қазақ халқы текті жұрт екен­ді­­гі тарихымыздан белгілі. Өйт­­­ке­­ні, қазақ ешқашан бі­реу­ге өзі барып соқтықпаған халық. Же­ті­ атасынан ары қыз алысып, ұр­пақ­ өрбітіп, ұлын ұяға, қызын қия­­ға қондырған ел. Ата қазақтың ар­ғы, бергі салт-дәстүріне не­гіз­­делген рухани сабақтастық тәр­­­биесі болған. Олар­дың бірі – ше­­жіре. Хал­қы­мыз­дың­ арасында атақты шежірешілер, батагөй ақ­са­­қалдар өмір сүрген. Ел ағалары әр­қашан жас ұрпақты бірлікке, ел­­­жан­­ды­­лық­­қа­ тәр­бие­леу­ге­ баса на­зар аударған. Яғни, шежіре та­­ратып айтқанда, жүзшілдік мақ­­сатта емес, азаматтық ұс­та­ны­мын,­ шыққан тегін білу, кейін қателіктерге ұрынбау жағдайын да­ ойластырған. Мысалы, қазақ қо­ғамын басқаруға атсалысып, ел­­­дікті нығайту барысында ке­зін­де­ Төле би бабамыздың: «Жүз­ге­ бө­лін­геннің жүзі қара» де­ген­ аталы сөзі бар. Сондай-ақ,­ та­би­ға­тынан да­рын­ды­ қазақ хал­қын­да: «Бірлігі бар ел озады, бір­лігі жоқ ел тозады» дейтін ауызбіршілікке ша­қы­ратын жалынды сөз кез­деседі. Бұл аталы да, баталы сөз­дер­ әр қа­зақтың жү­ре­гі­нен орын алуы ке­рек.

Ел тарихы дегенде жас ұрпақ, өс­кен ортасын, шыққан тегін бі­­луі қажет екендігіне дау жоқ. Сон­дық­тан, біздің елде ел­аға­ла­ры мен ақ­­сақалдар жастар тәр­­биесінде келешек үшін тәлім-тәр­­биенің бір құралы ретінде өлкетану, ел­ді тану, туған жерге деген сүй­іс­пен­ші­лік пен Отанға деген адал­дық­ дә­рістерін назарда ұс­тауы және на­сихаттауы керек. Тек сонда ға­на­ қазақтың тасы өр­ге домалап, мәр­те­бесі биіктей тү­седі.
Ал, керісінше, әлдекімдердің ай­тағына ілесіп, бірін-бірі түрт­кі­леп жүрсе, онда елдігіміз бе­кем бо­ла­ қоймайды. Біз тәу­ел­сіз­ді­гі­міз­­ді баян­ды, ұрпағымызды ба­қыт­ты­ ету­ жолында әлі де талай тер­ тө­­гуіміз қажет. Сондықтан, көп­ кон­­фессиялы және көп ұлтты рес­­­пуб­­­ли­­ка­­мыз­­дың­­ ша­ңы­ра­ғын­ шай­­қалтпай, елдікті сақтау үшін жер­шілдік, рушылдық неме­се­­ болма­шы­­ кикілжіңнен бойын аулақ ұс­тайтын, болашаққа сеніммен қа­райтын және елді ой­лайтын жас­ ұрпақты бі­лім­ге,­ ғылымға тал­пын­ды­рып,­ өр­ке­ни­ет­­ті қоғамға ұм­тылуымыз керек.

Қазіргі күрделі үдерістер жүріп жат­қан әлемдік қауымдастықта Қа­зақ­с­тан­ өз орнын иеле­не­ біл­ді­ деп нық сеніммен ай­ту­ы­мызға бо­ла­ды.­ Се­бе­бі,­ біз­дің­ елі­­міз тәу­­­ел­­сіз­дік­ ал­ған­ 21 жыл­дың ішін­­де биік белестерге шықты. Осын­дай­ әлем­­дік­ дағ­да­рыс­тар­дың­ тол­қы­­ны­ көрініс беріп, бүкіл адамзат ба­ласы алаңдап, түрлі күй кешіп жат­қанда, мемлекетіміз одан­ аман­ шық­­ты. Қиын кезде­ ты­ғырықтан жол­ тау­ып,­ ел­ді­­ қа­у­іп­-қатерге ұрын­дыр­май­ алып шық­қан қазақ жұр­тының бас­қа­ру­шы элитасы са­раб­дал­ сая­сат­пен­ байыпты әре­кет­ жасай білді. Бұл же­тіс­тік­тер­ ­әл­ем­­ ел­де­рі­нің­ таң­­­да­ны­сын­ тудыр­ды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің­ ­осы­ ­Жол­дау­ын­да:­ «Қа­зақс­танның елдігі асқан, ерлігі тас­қан, кемел де келісті елге ай­на­лу­ына­ бізден қазақтардан артық мүдделі кім бар?! …Елімізде жы­мысқы ниеттілердің айқайына құ­лақ асып, айтағына ілескен жан әр­ атаның шежіресін әспеттеп, әр жақ­қа тартқанын аңдамай қалуы мүм­кін. Ру мен тайпаға бөліну ұлт­тық тұтастықтап айырылудың өте­ қауіпті түрі» деп әділ атап көр­сетті. Бұл ескертуден халық қо­ры­тын­ды­ шы­ға­руы­ ­қа­жет. ­Се­­бе­бі, жаһандық жағдайда өмір сү­ріп жатқан әлем елдерінің ішін­де­гі өз ор­нын белгілеген мем­лекетіміз бар­ екендігіне және оның қауіпсіз да­му бағытына баса назар аударуымыз керек.

Еліміздің Ұлт Көшбасшысы Н.­Ә.Назарбаев елді өркендету мен­ дамытудың болашақ бағ­да­рын­ ай­қын­дау­ға­ арналған осы­ бағ­дар­ла­ма­сын­да­ қазақ хал­­қының шежіресіне ерекше тоқ­талып өткен. Онда Елбасы: «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сия­­қ­ты­ күл­лі­ ру­лар­дың­ түбін қуа­ келгенде, барлығы бір ғана ұлы­ тамырға қазақ деген ұлтқа ба­рып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бір­лігін, тұтастығын әйгілейді» деп­ орынды атап өтті.

Қазақ елінің тарихында аса ма­ңыз­ды­ орны бар дерек көзі – шежіре. Шежіреде халқымыздың рулары, тайпалары және жүздері, атақты батырлары мен хандары жайында мәліметтерді қамтиды. Яғни, қазақ тарихына қатысты де­рек­тердің қайнар көзін құрайды. Шежіре қазақ рхалқының дәс­түр­лі­ таным құралы ретінде қыз­мет ат­қа­рып келген ерекше саласы деп ай­туға болады.

Қалыптасқан шежіретану ғы­лы­мы болмағанымен, ға­лым­да­ры­мыз бен ойшылдарымыз бұ­рын да шежіре туралы ғылыми құн­ды­лы­ғы­ жо­ға­ры­ ой­лар­ айт­қан.­ Шежіретану ғылыми бағыт ре­тінде соларды бір жүйеге кел­ті­руден басталуы керек. Әрине, оның арнайы айналысуды қажет ете­тін­ күр­де­лі жұмыс екені тү­сі­нік­ті.­ Де­сек­ те­, тақырыпқа бай­ланысты зиялыларымыздың ше­жіре туралы негізгі еңбектері мен­ маңызды ойлары бар.

Қорытындылай айтсақ, қа­зақ­ шежіресі – дәстүрлі са­бақ­тас­тығы бар тарихи таным құ­ралы. Қазақ шежіресін тарату мен жазу рушылдық, жүз­шілдік мақсатта емес, тарихи танымдық ба­ғыт­та­ болуы тиіс.

Жал­пы, қазақ халқының ше­жі­ре тарату тарихы ерекше си­­пат­тағы ұлттық келбетті көр­­се­тетіні анық. Сондықтан, әр­ ­қа­зақ жүзі және одан та­ра­ған ру­­лардың адамдары өзі­ шыққан елін, жерін, тегін біл­гені жөн. Тек рушылдық, жүз­­­шілдік жә­не жікшілдік де­ген кесе­лдер­ден­ аулақ болуы­ тиіс. Яғни, қа­раңғы немесе­ ескішіл, жал­ған­ даңғаза ұраннан алшақ жү­ретін, жаңаша ойлайтын жас ұрпақты дұрыс жолмен тәр­биелегенде ғана қазақ ұлт бо­лып сақталып, келешекке ке­­мел біліммен қаруланған жас­­тарына үміт арта алады.

Біз өз Отанымызда ғана қа­­­зақ деген ұлтымыздың ба­қыт­­ты өмір сүретіндігін есі­міз­ден шығармағанымыз аб­зал.­ ­Сон­­­дық­тан,­ жас­тар­ тәр­бие­сін­де БІРЛІК, ОТАНШЫЛДЫҚ, ТӘУЕЛСІЗДІК деген қа­си­ет­­ті ұғым­дарды үнемі назары­мызда ұстауымыз қажет. Сө­­зім­­ді­ түйіндей келе ай­та­рым,­ Ел­басының Жолдауын­да көр­се­тілген: «Ел бірлігі, тәу­ел­сіз­дікті нығайту, ұлтжанды ұр­пақ тәрбиелеу» мәселелерін ұмы­т­паған абзал.

Клара ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =