ӨРЕЛІ ӘҢГІМЕ ӨРБІТТІ

0 102

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев пен Астана қаласы Дін істері департаментінің директоры Жорабек Дәуренов кездесіп, ағымдағы жұмыс барысы жөнінде байыпты әңгіме жүргізді.

 Астана қаласында бүгінде жұмыс жүргізіп тұрған жеті мешіттің барлығы да «Қазақстан Республикасындағы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның талаптарына сәйкес құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу процесін аяқтап, қалалық Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден өткен.

Кездесу барысында «Нұр Астана» мешітінің имамы Қалижан Байырбекұлы қаламыздағы «Теміржолшылар» мешітінің атауы «әс-Салам» мешіті, «Шұбар» мешітінің атауы «әл-Ғани» мешіті болып өзгертілгенін, «Төлебай» мешіті ҚМДБ филиалы болғанын хабардар етті.

Сонымен қатар, кездесу барысында қаладағы діни ахуал жайында өрелі әңгіме өрбіп, алдағы қазан айында өтуі жоспарланған діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы пысықталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − five =