Ордалы елге – 30 жыл

0 13

Ұлттық академиялық кітапхана еліміздің Чех Рес­публикасындағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ордалы елге – 30 жыл» атты халықаралық бейнеконференция өткізді.

Аталған конференцияның мақсаты – қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, толеранттылықты, Отан тарихына қызығушылықты, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің өкілдері, Чех ғылыми және қоғамдық топтарының өкілдері, олардың ішінде, философия ғылымдарының докторы, Карлова университетінің профессоры Мартин Кучера, «Азияның достары» Чех клубының жетекшісі, профессор Йиржа Шима, «Svaz spisovateiu OK s.r.o., Praha» баспасының басшысы Олег Крылов, «CeskeNovinky» Чех басылымының бас редакторы Святозар Пресник, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =