©2020 Астана Ақшамы
Оралмандармен орта толды
Өткен жылы Астанаға атамекенін аңсаған 1 500-ге тарта оралман келіп, қоныстанған. Бұл туралы Республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігіне сүйене отырып, astana.kz сайты мәлімдеді.
1991 жылы Астана 9 500-ден астам оралманды қабылдаған. Олардың 6400-і (1370 отбасы) көші-қон квотасы бойынша келген.
2012 жылы елордаға 1469 оралман келді.
Мәліметтерге қарағанда, елордаға қоныс тепкен оралмандардың 52,3% -ы – еңбек жасындағы азаматтар. Жалпы келгендердің 31,4%-ы жоғары білімді болса, 16,0%-ының арнайы білімі бар.
Оралмандарды бейімдеу мәселелері бойынша 2012 жылдың тамыз айында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігі базасында оралмандар үшін консультативтік орталық ашылған. Орталықтағы 47-80-19 анықтама телефонына 237 адам телефон шалыпты.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ