©2020 Астана Ақшамы
Оралмандардың тұрғын үй мәселесі шешіледі
Бүгінде Астана қаласының Тұрғын үй басқармасында баспана кезегінде 500-ден астам оралман тұр. Астана қаласы әкімдігінің шешімімен оралмандардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Асар» бірлестігіне «Көктал» тұрғын үй алабынан «Нұрбесік» көпфункциялы тұрғын үй кешенін салуға 26,9 гектар жер телімі бөлінді.
Осы шешім негізінде тұрғын үй кешенінің бас жоспары мен нысанның үлгі жобасы бекітілді. «Нұрбесік» ТК құрамында жекеменшік үйлер, көпқабатты үйлер, әкімшілік орталық, балабақша, сауықтыру, ойын-сауық орталығы, мешіт және қонақ үй бар. Астана қаласы әкімінің шешіміне сәйкес тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңінің құрылысына рұқсат берілді. Оралмандар өз күштерімен және қаржыларымен жеке үйлердің қабырғасын тұрғыза бастады. «Асар» ҚБ-дан мәлім еткеніндей, биыл алғашқы қоныс тойы тойланатын болады. «Нұрбесік» ТК-ден тұрғын үй алу үшін «Асар» ҚБ-ға барлығы 1300 отбасы өтініш берген.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ