ОРАЛМАНДАР ЗАҢНАН МАҒЛҰМАТ АЛДЫ

0 80

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және «Мейірім-Демеу» орталығы «Оралмандарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасын демалыс күні де жалғастырды.  

Оралмандардың қатысуымен өткен тренингті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алматы ауданы бойынша бөлім басшысы Аят Орынбекова жүргізді. Ол жиналғандарға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар, оның ішінде еңбек нарығы, халықты жұмыспен қамту мәселесі, сондай-ақ, тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, зейнеткерлерге берілетін әлеуметтік көмек пен қолдау туралы түсіндірді. Мәселен, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы заңға сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен тұрғын үй алу тәртібін түсіндіріп берді.

Гүлмира Шарханқызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 19 =