ОРАЛМАҒАН АҒАЙЫНДЫЛАР

0 78

Аспанды қара бұлт басқан. Бораған оқтар, атқылаған бомбалар. Бұл – сұрапыл соғыс жылдары. Қантөгісте қаншама адам қырылды. Осы жыл­дары елі, жері үшін күрескен әр сарбаз әлі халық аузында. Олардың қа­тарында менің де аталарым болды.

Біздің әулеттен үш ағайынды Қа­был Қасенов, Аймағанбет пен Әсен Жүнісовтер соғысқа аттанды. Қабыл атам Мәскеудегі Смоленск атқыштар дивизиясы құрамында болды. Ол алдында келе жатқан неміс танкісіне оқша атылып, гранатасымен бірге өз жанын пида етті. Соның арқасында қаншама жауынгер аман қалды. Оған үйінде тұрған мақтау қағазы дәлел.

Аймағанбет атам Сталинград түбінде, Днепрді алу жолында күреске шықты. Сол майданда көптеген қазақ жауынгерлерімен бірге менің де атам опат болды.

Әсен атам соғыстың алғашқы күн­де­рінде-ақ Брест түбінде ерлікпен қаза тапты. Ол туралы әлі де тірі, атамның жан досы, өзімен бірге болған Жұмат Ғаппасов атамыздың аузынан естідік.

Айтып кеткен үш атам ешқандай қарсы­лықсыз, «Өз еліміз үшін отқа да түсеміз!» деген рухпен соғысқа аттанған.

Ағайындылардың әкесі Нұрмақ атамның еңбегі – бір төбе. Ол соғысқа бармаса да, соғысқа кеткен азаматтардың жетім балаларын өз қолына алып, бағып-қақты. Осы балалар үшін Көкшетаудағы Кішкенекөл ауылында, Қыстауағашта, Ұялыда мектептер салғызып, жанынан интернаттар тұрғызды. Балаларды киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етті. Ол асыраған балалар қазір қариялыққа жетіп отыр. Олар соғыс қасіретін көрсетпегені үшін, әкенің орнына әке болғаны үшін әлі күнге дейін Нұрмақ атама алғыстарын айтып отырады.

Әмір Арыстан,

дарынды ер балаларға арналған

қазақ-түрік лицей-интернатының

8-сынып оқушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =