Оралханды жатқа оқыды

0 104

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттiк академиялық Қазақ музыкалық-драма театрында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң XIV қалалық байқауы өттi.
Көркем әдебиеттi насихаттап, сөз қадiрiн жете түсiнетiн жастарды iрiктеу мақсатында ұйымдастырылған шараға 80 үмiткер қатысып, олардың 15-i ақтық сынға жолдама алды. 15-30 жас аралығындағы Оралханның оқырмандары сөз додасында басқа да белгiлi жазушылардың шығармаларынан үзiндiлер оқыды.
Байқаудың нәтижесiнде Алматы аудандық Iшкi саясат бөлiмiнiң бас маманы Олжас Бейсенбаев бiрiншi орынды иеленiп, республикалық сайысқа жолдама алды. Екiншi орынды №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейiнiң оқушысы Айжарқын Абай және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң студентi Қажығали Боранбай бөлiске салса, осы оқу орнынан келген Ажар Ерболғанова мен Экономика, технология және тағам өнiмдерiн стандарттау колледжiнiң студентi Әсемгүл Қойшыман үшiншi тұғырды мiсе тұтты. Жеңiмпаздар арнайы дипломдармен және сый-сияпаттармен марапатталды.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 1 =