Оралханды оқимыз

0 98

ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасында Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалығымен «Бiр ел – бiр кiтап» акциясын ұйымдастыру комитетi мүшелерiнiң отырысы өттi. Күн тәртiбiнде – 2012 жылы көпшiлiк оқуға ұсынылатын кiтапты таңдау.
Дәстүр бойынша, өткен жылдың соңы мен осы жылдың басында «2012 жылы «Бiр ел – бiр кiтап» акциясы аясында қай кiтапты оқуды ұсынар едiңiз?» деген сауалнама жүргiзiлген болатын. Оған барлығы 1000 респондент қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша мынадай кiтаптар тiзiмi ұсынылды: М.Әуезовтiң «Абай жолы», I.Есенберлиннiң «Көшпендiлер», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе», Ғ.Мүсiреповтiң «Ұлпан», Ә.Нұрпейiсовтiң «Қан мен тер», С.Сейфуллиннiң «Тар жол, тайғақ кешу» романдары. О.Бөкейдiң повестерi мен әңгiмелерi, М.Мақатаев пен М.Шахановтың поэзиялары.
Ұйымдастыру комитетi мүшелерi оқырмандардың қолдауымен ағымдағы жылы көпшiлiкке оқуға Оралхан Бөкейдiң повестерi мен әңгiмелерiн ұсынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − fourteen =