Оралхан шығармасы шымылдықты ашады

0 21

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры жанынан еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI» лабораториясы жұмыс істей бастады. Жалынды жастардан құралған ұжымның алғашқы шымылдығы Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасымен ашылады.Лабораторияның мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау. Лаборатория алаңында эксперименталды спектакльдерді сахналау, шетелдік мамандармен шеберлік сағаттарын ұйымдастыру, жазушы-драматургтермен кездесу, пьеса талқылау, жаңа режиссерлермен байланыс орнату және тағы басқа көптеген тың дүниелерді жүзеге асыру жоспарлануда.
Жаңадан құрылған ұжымның алғашқы қойылымы театрдың жас актері Бәзіл Сұлтанғазының режиссерлігімен сахналанды. Қойылымның шығармашылық құрамы толықтай театрдың жас артистерінен құралған. Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» туындысы негізінде қойылған спектакльді өнерсүйер қауым 30 сәуір күні сағат 21.00-де тамашалай алады. Qalleki лабораториясы – елордалықтарға арналған алғашқы кешкі театр.

Көктем ҚАРҚЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =