ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ХVІ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ

0 471

1350622255_bokeev

Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды анықтау мақсатында 2014 жылғы 28 сәуірде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІ қалалық байқауын өткізеді.

1. Байқауға 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.

2. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері байқауға жіберілмейді.

3. Байқау мынадай тапсырмалардан  тұрады:

– прозалық шығармадан үзінді оқу;

– драмалық шығармадан үзінді оқу;

– мәнерлеп өлең оқу.

Сондай-ақ, байқауда Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады.

4. Байқау шарттары:

– оқылатын мәтін көлемі 2-3 минуттан аспауы керек;

– дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

– белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды;

– талапкерлер сарапқа ұсынуға таңдап алынған мәтіндерді жатқа білулері қажет.

5. Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

– көркем  мәтінді оқу шеберлігіне;

– дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;

– көркем мәтінді таңдау талғамына;

– сахнада өзін-өзі ұстауына;

– сахналық киім сәніне баса назар аударады.

6. Байқау жеңімпаздары Тілдерді дамыту басқармасының бағалы сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталады.

7. Жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алады.

8. Іріктеу кезеңі 18 сәуірде өтеді.

9. Қатысушылардың сұраныстары 11 сәуірге дейін  g.elembaeva@uya.astana.kz. поштасына жолдауға болады немесе Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 628 кабинетте қабылданады.

Байланыс телефоны: 55-67-26, 55-72-86 факс.

Ескерту: Бұрынғы байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушылары биыл өткізілетін байқауларға жіберілмейді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 14 =