Оқушыларға жасалатын мүмкіндіктер мол

0 68

Елорда тек ересектерге ғана емес, балалар үшін де ыңғайлы болуы керек. Соған орай білім беру нысандарымен қатар, демалыс орталықтары да ашылып, аулалар абаттандырылады. Мектеп жасындағы балалар үшін жасалатын өзге де жаңа мүмкіндіктер туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жариялады.

«Мысалы, қазір қалада балалар түрлі өнермен айналысатын Оқушылар сарайлары бар. Биыл тағы бір сондай сарайдың құрылысын бастаймыз. Сонымен қатар, мәдени және спорттық ғимараттарымыз балаларымызға қолжетімді болуы керек. Әр баланың осы мекемелерге баруға және процесті ішінен көруге мүмкіндігі болуы тиіс» деді әкім.
Бұған дейін әкімдік «Астана Опера» ­театрымен бірлесіп жоба жасаған. Соның аясында оқушылар Людвиг Минкустың «Баядерка» балетіне тегін барып, өз ісінің шеберлерімен әңгімелесе алды, сондай-ақ оларға балеттің тарихы туралы айтылды, грим және костюм цехтары, музыкалық кітапхана, дайындық залдары және т. б. көрсетілді. «Мұндай театр сабақтары біздің балаларымызға материалды жақсы меңгеруге мүмкіндік береді, өйткені олар енді оқулықтағы мәтінді ғана емес, сонымен бірге қойылымның өзін, костюмдерді, кейіпкерлердің өздерін де көреді. Бұл біздің балаларымызды мәдени тұрғыдан байытуға мүмкіндік береді» деді әкім. Оның айтуынша, бұл жоба аясы кеңейтіле түспек. Енді ашық сабақтар Қаллеки театры ғимаратында, «Барыс Арена» стадионында, Ұлттық кітапханада өтеді.
«Мемлекет басшысы оқушыларымыздың оқырмандық дағдысы тиісті деңгейде дамуы керегін атап өткен. Ұлттық кітапханаға экскурсия кезінде балалар мұрағаттағы көптеген кітаптарды ала алады, жазушылар туралы көбірек біліп, мұражайды көреді, бұл жаңа білім алуға деген әуестікті сөзсіз арттыруы керек. Осы жобалар оқушыларға адамгершілік-рухани құндылықтарды және мәдениетке/спортқа деген сүйіспеншілікті мектеп қабырғасынан бастап оятып қана қоймай, талантын ашуға, сонымен қатар, адам еңбегін құрметтеуге мүмкіндік береді. Жобаларды Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жүзеге асырамыз» деп жазды А.Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 12 =