Оқушыларға экскурсия өтті

0 33

Елбасы кітапханасының музейінде қаладағы №67 мектеп-гимна­зиясы және Қоянды орта мектебінің оқушыларына «Тәуелсіздік бастауында» деген тақырыппен квест-экскурсия өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған квест-экскурсияның мақсаты жас ұрпақты патриотизмге баулып, білім көкжиегін кеңейтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.
– Тақырыптық квест-экскурсияда ең алдымен қазақ халқының тәуелсіздік алуының тарихи кезеңіне тереңірек тоқталдық. Квест сөзі ағылшынша «quest» – iздеу деген мағынаны білдіреді. Ойын барысында қатысушыларға карта таратылады. Ойыншы өте ұқыпты болуы керек. Бұл ойын арқылы оқушыларды дұрыс шешім қабылдауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, жасөспірімнің ойы мен тәрбиесін жеке тұлға ретінде заманауи талаптарға сай ұштап, тәрбиелеуге болады, – деп ой бөлісті экскурсия қызметінің сарапшысы Ботагөз Аяпбергенова.
Квест-экскурсия барысында оқушылар тоғыз аялдама бойынша еліміздің қалаларының аттарын тауып, соңында «Қазақстан» сөзін құрастырып шықты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =