Оқушылар шахмат тәртібімен отырады

0 36

Жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысымен қатар қаладағы ғимараттарға да назар аудару қажет. Биыл бас қаладағы білім беретін 26 мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Олардың қатарына мектептер, колледждер, балабақшалар жатады. Нысандарды жөндеу жұмыстарының басым бөлігін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырамыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Мәселен, «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ғимараты 75 жыл бұрын салынған. Мұнда ғимараттың қасбеті бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 130-дан аса терезе ауыстырылды. Колледж нарықта сұранысқа ие мамандарды шығарады. Мысалы, мекемеде электрмен жабдықтау, тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару, логистика және т.б. сияқты мамандықтарға оқуға болады» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ әкім кешкілік аралау барысында Ақан Сері көшесі 22-ші үйдегі №58 мектеп-гимназиясына барды. Мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. «Оқушылар «кезекші топтарда» оқитын білім беру мекемелерінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы белгілер қойылады, оқушылар парталарға шахмат тәртібімен отырғызылады» деп түсіндірді А.Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two − 1 =